jasqazaq.kz

Астанада әскери теңізшілерді салтанатпен қарсы алды

03 мамыр 2023, 11:31

Астана әкімдігінің бастамасымен Отан алдындағы борышын абыроймен орындап, отбасына оралған сарбаздарды салтанатпен қарыс алу дәстүрге айналды деуге болады. Ондағы мақсат – жастардың бойында отансүйгіштік рухты сіңіру, әскери қызметтің оң беделін одан әрі арттыра түсу.

2023 жылғы 2 мамыр күні «Астана-1» теміржол вокзалының перронында мерзімді әскери қызметін аяқтаған ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің 40 матросын салтанатты қарсы алу шарасы өткізілді.

Әскери-патриоттық акцияға Астана қаласы әкімдігінің, ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Қарулы Күштердің және ауған соғысы ардагерлері, қала мектептерінің оқушылары және «Жас сарбаз» жасөспімімдер мен балалар әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері, матростардың ата-аналары мен ҚР ҚМ Орталық әскери оркестрі қатысты.
Перронға жиналған халықтың қарасы қалың. Бәрінің жүзінде қуаныш пен күлкі ойнайды. Әсери оркестрдің рухты көтеретін әуені көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлағандай. Міне, матростар мінген пойыз да келіп тоқтады.

Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің бастығы подполковник Медет Тұрыскелдиев теңізшілердің баянатын қабылдап, оларды әскери қызметтерін абыроймен аяқтауларымен құттықтады. Теңізшілер үш дүркін «Уралап» ұрандата жауап берді.

Алғашқы болып сөз алған «Қарулы Күштер ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары, отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов былай деді:

— Сіздерді азаматтық парыздарыңызды орындап, әскери қызметтеріңізді абыроймен аяқтауларыңызбен құттықтаймын! Ел қорғаған батыр бабаларымыздың өсиетіне берік болып, сіздер де мемлекет қойған тапсырмалар мен халқымыздың сенімін, еліміздің үмітін ақтадыңыздар.
Отан Қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күні қарсаңында қарсаңында отбасыларыңызбен қауышып, ата-аналарыңызды, туған-туысқандарыңызды қуантып отырсыздар. Жастықтың жалын атып тұрған уақытында әскери қызмет атқарған күндеріңізді күні ертең әлі талай рет сағынышпен еске аласыздар. Бұл күндері сіздердің орындарыңызға ел тыныштығын қорғау үшін жас сарбаздардың жаңа легі де кезек-кезегімен кетіп жатыр.

Енді сіздерге үлкен өмір — білім, еңбек және отбасын құру жолында бақыт пен денсаулық, сәттіліктер пен толағай табыстар тілеймін. Қарулы Күштеріміз айбатты, Отанымыз қайратты болсын!

Бұдан соң ҚР Қарулы Күштері Әскери Теңіз күштері Бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстары бойынша орынбасары полковник Жұмабек Хасенов сөз сөйлеп, Берікбек Сейдуллаұлы болса ата-аналар атынан қуанышты лебіздерін жетікізді.

Матростар Берік Надралиев пен Сергей Антипенко әскерде алған тәлім-тәрбиені, жинаған абыройды азаматтық өмірде де жоғары алып жүреміз деп сендірді.

Абзал Ибрагим

Бүгін, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
Бүгін, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
Бүгін, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
Бүгін, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
Бүгін, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
Бүгін, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
Бүгін, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
Бүгін, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата