jasqazaq.kz

Астанада 60 көше, 15 мектепке жаңа атау беріледі

01 маусым 2023, 14:16
Фото: baq.kz

Фото: baq.kz

Бас қаланың 60-тан астам көшесі мен 15 мектебіне жаңа атау беру жөніндегі ұсыныс дайын тұр. Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Молдабаева осылай деді.

«Астана қаласында 1 168 құрамдас бөлік бар, оның ішінде 17 даңғыл, 4 тас жол және 1 110 көше тіркелген. Басым көпшілігінің атауы 1997 жылдан бері ауысып келеді, яғни республика бойынша Астана алдыңғы қатарда тұр. Бұл атаулар өзіміздің ұлы тұлғаларымыз бен тарихи жер-су аттары құрметіне қойылған. Әкімдік жанынан Мәжіліс пен мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, тарихшы ғалымдар, мемлекет қайраткерлері, мемлекеттік орган өкілдерінен қалалық ономастика комиссиясы құрылған. Осы комиссияда атау беру мәселесі шешімін табады», — деді Ә. Молдабаева Астана коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сұраған қайтарған жауабында.
Оның айтуынша, жыл басынан бері 9 жобалық көшеге, 1 алаң, 1 жаңадан ашылған ауданға атау беріліп, екі көше қайта аталды.

Қала көшелеріне тарихтағы аса көрнекті қолбасшы Бейбарыс сұлтан, Екінші дүниежүзілік соғыс жауынгері, білікті журналист, прозашы Әскен Нәбиевтің, балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, классик жазушы Бердібек Соқпақбаевтың, әйгілі академик, энергетик-ғалым, Ұлттық ғылым академиясының академигі Шапық Шөкиннің есімдері берілген.
«Былтыр 41 құрамдас бөлікке атау беріліп, қайта аталған. Оның ішінде Қазақстаның белгілі қайраткерлері Орал Мұхамеджанов, Сафуан Шәймерденов, Дүкенбай Досжан, Еркеғали Рахмадиев сынды тұлғалардың есімдері, Бозоқ, Ботай, Түймекент сынды жер-су аттары да берілген. Сондай-ақ, халықаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында елорда көшелерінің біріне Әзербайжан Республикасының президенті болған Гейдар Әлиевтің есімі, жаңа алаңға – «БҰҰ алаңы» атауы берілді», — деді спикер.
Елордада жаңа атау берілген 44 білім және мәдениет мекемелері бар. Атап айтқанда, соңғы жылдары бұл мекемелерге Өзбекәлі Жәнібеков, Қошке Кемеңгерұлы, Кемал Ақышев, Роза Бағланова, Ыбырай Алтынсарин, Дінмұхамед Қонаев, Фариза Оңғарсынова есімдері берілді.

Қазіргі таңда алпыстан астам көшеге, 15-ке жуық мектепке жаңа атау беру туралы ұсыныстар дайын тұр. Бұл ұсыныстар алдағы уақытта өтетін комиссия отырысына енгізіліп талқыланады.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:04
Астаналық зейнеткерлерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді
Бүгін, 12:58
Туркестан: Борьба с саранчой продолжается
12 мамыр, 15:00
Аким Туркестанской области встретился с президентом компании "Magister Art" Ренато Сапорито
12 мамыр, 14:38
Туркестан: Ведется масштабная работа по улучшению дорожной инфраструктуры
12 мамыр, 14:30
Туркестан: Социальные объекты - на благо населения
12 мамыр, 14:16
Туркестан: В Жетысайском районе завершаются работы по восстановлению вертикального дренажа
12 мамыр, 14:14
Туркестан: В Тюлькубасе прошел республиканский конкурс молодежного творчества
08 мамыр, 14:51
4 завода по переработке водосберегающих технологий расположены в Туркестанской области
07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті