jasqazaq.kz

Астанада 4 млрд теңгеге зират салынып жатыр

02 ақпан 2017, 22:28

Астанада бюджеттің 4 миллиард теңгесіне мұсылмандар мен христиандар үшін зират салынып жатыр. Өйткені, бас қалада өлілерді көметін жер қалмаған. Сондықтан Елорда әкімдігі орталықтағы моланы жауып, мәйіттерді жаңа бейітте жерлеуді бастамақшы.

Ол үшін Көкшетауға шығатын айналма жолдың жанынан 460 гектар жер бөлінген. Молада мұсылмандар мен христиандарға бөлек-бөлек орын беріліпті. Бейітке апарар жол да салынып қойған. Ал марқұмдарды жерлеу осы айда басталмақ. Кейін қоштасу рәсімдерін өткізетін арнайы ғимараттар, жерлеуге қажетті заттар мен гүл сататын дүкендерге дейін салынбақшы. Ол үшін қалалық бюджеттен 2 милиард бөлініп қойған. Қалғаны 2 миллиард теңге кезең-кезеңімен жұмсалмақшы.

Александр Терещенко, Астана қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы:

-Әзірге жерлеуге бөлінген жердің тек 120 гектарын пайдаланып жатырмыз. Ол шамамен 13 жылға дейін жетуі тиіс. Кейін бұл жерге инвесторлардың көмегімен мешіт пен шіркеу салу жоспарланып отыр.

ktk.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде