jasqazaq.kz

Астанада 168 бума есірткі тығып қойған ер адам ұсталды (Видео)

24 желтоқсан 2024, 17:01

Астанада 168 бума есірткі тығып қойған ер адам ұсталды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Polisia.kz жазғандай, қала полициясына оң жағалаудағы пәтерлердің бірінде жанжал болып жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері дереу мекенжайға барды.

«Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары тұрғын үйдің кіреберісінде 39 жастағы тұрғын жанжалқойды ұстады. Жеке тексеру кезінде жергілікті тұрғынның шалбарының қалтасынан ақ түсті ұнтақ заты бар 2 байлам табылып, тәркіленді. Сол жерге полиция қызметкерлері Сарыарқа ауданы ПБ жедел-тергеу тобын шақырды, пәтерді тінту барысында жатын бөлмедегі сөмкеден 168 бума табылды», — делінген хабарламада.

Сараптамаға сәйкес, алынған заттар «эфедрон» меткатинон есірткісі болып шықты. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам есірткіні тарату және құпия орындарға жасыру үшін сақтаған. Болған оқиғаның барлық жағдайлары тергеу қызметкерлерімен анықталуда. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді.

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі