jasqazaq.kz

Астанада 11 жасар қыздың аузында шаш өсе бастады

09 сәуiр 2024, 19:03

Астанада 11 жасар оқушының ауыз қуысында түк өсе бастады. Анасы Ақмарал Шалабаева бұл жағдайды байқап, дереу дәрігерлерге жүгінген. Алайда, мамандардың өзі қыздың ерекше ауруына аң-таң болып отыр. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

Ақмаралдың айтуынша, 2024 жылдың наурызына дейін қызды еш ауру мазаламаған, әдеттен тыс ештеңе байқамаған. Тіпті наурыз айының басында олар тіс дәрігеріне барған және емдеу кезінде ешқандай ауытқу болмаған.

«15 наурызда қызым тамағының ауырғанын айта бастады. Мен оны ЖРВИ немесе ангина шығар деп ойладым. Тамағын тексерейін деп қарағанымда қатты таң қалдым. Бадамша бездерінде екі жағынан және тістерінің арасынан шаш өсіп тұрғанын көрдім», — деді А. Шалабаева агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

Олар дереу дәрігерлерге хабарласып, жедел жәрдем шақырып, екінші қалалық ауруханаға барған.

«Дәрігерлер де бұл құбылысқа таң қалды, дегенмен барлық түкті пинцетпен алып тастады. Әрине қызыма аздап қолайсыз болды. Кейін біз көптеген мемлекеттік және жеке клиникалардың дәрігерлеріне бардық, онда бізге сынамалар мен тексерулердің үлкен тізімін берді», — дейді Ақмарал.

Өз кезегінде Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы пациентке оториноларинголог, эндокринолог және басқа да бейінді мамандардың тексерулері, консультациялары өткізілгенін атап өтті.

Елордалық дәрігерлер мұндай құбылыстың пайда болу себептерін түсіндіре алмай отыр. Дегенмен анасы мұны баланың жеке ерекшеліктерімен байланыстыруда.

«Қазір емдеудің нақты стратегиясы жоқ, өйткені нақты диагноз жоқ, оны анықтағаннан кейін біз дәрігерлер мен білікті мамандардың көмегімен шешім қабылдаймыз. Біз барлық көмекке немесе кәсіби кеңес алуға дайынбыз», — деп толықтырды А. Шалабаева.

Алдағы уақытта қызға компьютерлік томография және жатыр мойны мен шап аймағының магнитті-резонанстық томографиясы жасалады, содан кейін дәрігерлер келесі емдеу жолдарын бекітеді.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі