jasqazaq.kz

«Астана» велокомандасы ұсынады (видео)

02 ақпан 2017, 19:26

«Pro Team Astana» велокомандасы экстремалды жанрда түсірілген роликті көпшілік назарына ұсынды. Онда велосипедпен қауіпті трюктер жасаған Витторио Брумоттидің жанкүйерлері керемет видеоның куәсі болды.  ҚазАқпарат хабарлағандай,  2016 жылы белгілі велоэкстремалшы Витторио Брумотти «Pro Team Astana» велокомандасының мүшесі атанған болатын. 36 жастағы итальяндық Брумотти Гиннесс кітабында бірнеше мәрте рекорд орнатқан болатын. Осы орайда ол биік көпірлерде, баспалдақтарда өмірге қауіпті трюктер жасаған еді. Витторио Брумотти Италияның атынан ЭКСПО-2015 кезінде өнер көрсеткен еді. Енді ол Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатыспақ, сондай-ақ велоэкстремалшы Дубайдағы ЭКСПО-2020 шарасына шақырту алған екен. Оның сөзіне қарағанда, осы арқылы ол Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесін насихаттауға ықпал етуде. «Мен үш ЭКСПО мен үш елді байланыстырып тұрмын, яғни Италия, Қазақстан және Дубай»,-деді ол шетелдік БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. Брумотти жариялаған роликтер бірден кеңінен таралады. Өткен жылы оның видеосының бірін 35 млн. адам тамашалаған болатын. Былтыр Астанада велошабандоз Витторио Брумотти қар үстінде трюк көрсеткен еді.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде