jasqazaq.kz

Астана әуежайында ішімдік ішкені үшін рейстен түсіріп тастады

11 тамыз 2016, 20:18

10 тамыз күні Астана қаласы әуежайының кезекші бөліміне «Эйр Астана» әуе компаниясынан мас күйде болған 2 жолаушыны «Астана-Алматы» бағытындағы әуе рейсімен тасымалдаудан бас тарту жөнінде хабарлама келіп түсті.

Тексеру барысында 29 бен 46 жастағы Үндістанның екі азаматы анықталды. Көлік полицейлері мән жайды анықтау үшін азаматтарды жоғарыда аталған әуе рейсінен түсіріп алды. Бұдан соң құқықбұзушылардың үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-тармағы, яғни алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Дәл осы күні Астана әуежайындағы ЖПБ-нің кезекші бөліміне «Эйр-Астана» әуе компаниясынан тағы да бір құқық бұзушы жолаушыны тапсыру жөнінде хабарлама келіп түсті. Тексеру барысында ішімдік ішкен күйде «Атырау-Астана» бағытындағы әуе рейсінің бортында темекі шеккен Атырау қаласының 1962 жылы туылған тұрғыны анықталды.

Аталған факт бойынша ҚРКоАП ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-тармағы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) және 441-бабы 1-тармағы (Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге тыйым салуды бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

ҚР ІІМ Көліктегі ІІД еліміздің темір жол және әуе көлігі нысандарында қоғамдық тыныштық пен азаматтардың қауіпсіздігін бұзатын ұсақ құқық бұзушылықтардың жолын кесу және алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қоғамда «құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға аса мән берілуде. Соның нәтижесінде жыл басынан бері әр түрлі ұсақ құқық бұзушылықтар үшін 37 516 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде «мүлдем төзбеушілік» – 11 343, ұсақ құқық бұзушылықтар – 1252, спирттік ішімдіктер ішу – 4169, рұқсат етілмеген орындарда темекі тарту – 2689, жасөспірімдердің түнгі уақытта заң өкілдерінің ертуінсіз жүруі – 328, белгіленбеген орындарда сауда сату – 2338, қоғамдық орындарда тиісу — 567.

365info

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде