jasqazaq.kz

Астана тұрғынын ұрлап кеткендер қолға түсті

12 мамыр 2017, 19:17

Астана полицейлері қала тұрғынын заңсыз ұстап, оны өзі жасамаған ұрлықты мойындатпақшы болған қылмыстық топтың мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді.

Бейсенбі, 11 мамырда жедел іздестіру шараларының барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қылмыстық топтың мүшелерін қолға түсірді. Олар 24 жастағы жігітті қаладағы бизнес орталығының аумағында заңсыз күштеп ұстаған. Ұсталғандар —Астана, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облысының 27, 28 және 32 жастағы тұрғындары болып шықты. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды. Жапа шеккен адамның айтуынша, 10 мамыр күні түнде белгісіз үш жігіт оны бизнес орталықтың аумағында ұстаған. Олар ер адамды ұрып-соғып, қарумен ауаға атып, оны кеңседен ақша мен құжаттар ұрлағаны туралы қолхат жазуға мәжбүр етеді. Қазіргі уақытта жәбірленуші қалалық ауруханада емделіп жатыр.

sputniknews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде