jasqazaq.kz

Астана тұрғындары қалай бір миллионға жетті?

08 шiлде 2016, 12:28

32ac9911a08b6c9a45a2cbbfc4268b14-mtfe7quy207273wy7n10bsu0p5kk6jfdwigza6uuce

Елорданың туған күні қарсаңында Астанада миллионыншы тұрғын дүниеге келіп, бөркімізді аспанға атып қуанған едік. Іле-шала әлеуметтік желілерде бұл жаңалық үлкен сынға ұшырады.

«Жыл басында ғана ресми статистикада Астана тұрғындарының саны 880 мың болып еді ғой, аз уақыт ішінде 120 мың адам дүниеге келгені ме, мүмкін емес» деп көпшілігі сенімсіздік танытты. Шілденің 7 күні «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің жетекшілігімен өткен партияның кезектен тыс конференциясында Ә.Исекешев партияның қалалық филиалының төрағасы болып сайланғанда, бұл мәселеге де түсінік бере кетті.
–Бұл елордада екі-үш айдың ішінде 120 мың адам дүниеге келді деген сөз емес. Қалада тіркелмеген азаматтар да көп. Бір пәтерде екі-үш адам тіркелгенімен, тағы осынша адам тіркеусіз тұрып жатқаны белгілі. Қалада шамамен 940 мың адамның денсаулық сақтау бойынша қызмет тұтынатынын, көлікпен миллионнан аса адамның жүретінін көріп отырмыз. Астана күні мейрамында елордада 60-тан астам бала дүниеге келді. Сондықтан қалада миллион адам бар деп есептеуге болады. Шын мәнінде астаналық агломерация – экономикалық орталық, мұнда ішкі агломерация үлкен. Біз қалалық билік ретінде мұнда қанша адамның тұрып жатқанын жақсы түсінуіміз керек, – деді Астана әкімі «Нұр Отан» партиясы конференциясының үзілісінде.
Қалай дегенмен, бұл жақсы жаңалық көпшіліктің жанын жадыратты. Миллионыншы тұрғын ретінде қарапайым жас қазақ отбасының баспаналы болып қалғаны да қуаныш емес пе?!

Меңдолла ШАМҰРАТОВ

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде