jasqazaq.kz

Астана Ресей елшісіне жасалған қастандықты айыптады

20 желтоқсан 2016, 12:02

Қазақстан Cыртқы істер министрлігі Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловқа жасалған қастандықты қатаң айыптады, деп хабарлады Caravan.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

caravan.kz хабарлағандай, Тәуелсіз елдің уәкілетті өкіліне қарсы бағытталған лаңкестік әрекет үрей туғызып, екі елдің арасына ірткі салу үшін жасалған, делінген хабарламада. Ресми Астана оққа ұшып, көз жұмған ресей елшісінің туған туыстарына көңіл айтып, қастандық оқиғасының жіті тексерілетініне сенім білдірген.

Еске сала кетсек, Түркиядағы Ресей елшісі Андрей Карловқа қарсы қастандық 19-желтоқсанда Анкарада жасалған. Елші өнер көрмесінің ашылуында сөйлей бастағанда белгісіз ер адам тапаншамен оқ атқан. Елші ауыр жараланып, ауруханаға жеткізілгенімен, ұзамай қаза тапқан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде