jasqazaq.kz

Астана полицейлері есірткі тасушылардың жолын кесті (Видео)

05 маусым 2024, 11:49

Астана полицейлері синтетикалық есірткі тасушылардың жолын кесті. Polisia.kz хабарлағандай, “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында елордалық полиция қызметкерлері Астана қаласы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, Астана – Павлодар тас жолындағы бақылап-өткізу пунктінде 23 жастағы жолаушысымен 37 жастағы азамат басқарған Chevrolet Cobalt автокөлігін тоқтатқан.

Көлік салонын тінту кезінде жолаушылар отырғышының астынан арнайы иісі бар түйір консистенциялы ашық түсті заты бар екі пластик пакет, пышақ және 2 телефон табылған.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, зат салмағы шамамен 2 келі болатын “Альфа – PVP” есірткі заты болып шықты. Анықтай келгенде, олардың Павлодарға тыйым салынған заттарды тасымалдап жүргені және есірткі заттарды тарататын интернет-дүкендердің курьерлері екені анықталды.

Осы факті бойынша аса ірі көлемде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі