jasqazaq.kz

Астана неге түтінге көмілді?

09 мамыр 2023, 16:34

Астана қаласын басқан түтін туралы елорданың төтенше жағдайлар департаменті пікір айтты. Департаменттің баспасөз қызметі бас қаланың маңайында ешқандай өрттің тіркелмегенін, астаналықтарды тұншықтырған түтіннің басқа аймақтан келіп жатқанын жеткізді.
«Қаладағы жағдай көршілес Ақмола облысындағы Бурабай және Зеренді аудандандарындағы құрғақ шөптің өртенуінен және Павлодар облысындағы өрттен болуы мүмкін. Халық арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру мақсатында департамент қаланың саяжайлары мен тұрғын алаптарында дауыс зорайтқыш құрылғылармен профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Табиғат аясында жанып тұрған темекі тұқылын тастамаңыз, балалардың сіріңкемен ойнауына жол бермеңіз және от пен шыны ыдысты және сынған әйнекті қалдырмаңыз. Демалыс орынынан кетерде алауды сумен немесе топырақпен толық сөндіріңіз. Өрт, қоқыс және тұрмыстық қалдықтарды жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз», — деп мәлім етті төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі