
«Астана» футбол клубы Албания ұлттық құрамасының шабуылшысы Аздрен Лукакумен 2 жылдық келісімшартқа қол қойды.
28 жасар ойыншы шабуыл шебінде ғана ойнап қоймай, шеткі жартылай қорғаушы ретінде де өнер көрсете алады. Лукаку соңғы 2 маусымды румыниялық «Газ-Метан» футбол клубы сапында өткізіп, бүгінгі күні Румыния чемпионатының үздік шабуылшысы атанып отыр.
«Астана» Ардзен Лукакуды еркін трансфер үлгісінде қатарына қосты. Себебі, албаниялық ойыншының келісімшартында белгілі бір уақыт аралығында басқа шетелдік клубқа тегін ауысу туралы арнайы тармақ болған.