jasqazaq.kz

Астана әкімдігі бағаны тежеудің тиімді тетіктерін қолдануда

19 сәуiр 2023, 23:03

Қазір Үкімет тапсырмасына сәйкес, Астана әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыруда жаңа тәсілдер қолдануда. Жаңа тәсілдердің мәні фермерлерге маусымаралық кезеңде белгіленген баға бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін жеткізу үшін аванстық төлемдерді қамтамасыз ету болып табылады. Үкімет қаулысына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тізбесі оның 19 түрін (ұн, нан, көкөніс, ет және сүт өнімдері және т.б.) қамтиды.

Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаевқа жолығып, осы және басқа да бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы сұраған едік.

— Сұхбатты ел көкейінде жүрген ең басты сұрақтан бастасақ. Жанар-жағар майдың қымбаттауы салдарынан баға қаншалықты өседі және оны тұрақтандыру үшін не істеліп жатыр?

— Бүгінгі таңда азық-түлік тауарларының қымбаттауын тежеу бағытында жұмыс істеу – біз үшін ең маңызды міндеттердің бірі. Біз бұл мәселені үнемі бақылауда ұстаймыз.
Жаңа тәсілдерді іске асыру шеңберінде отандық күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, ұн, мүйіз, нан өндірушілерін қаржыландыру көзделуде. Қазіргі уақытта Үлгілік қағидаларға тиісті өзгерістер енгізіліп жатыр, оған сәйкес отандық тауар өндірушілерді қаржыландыруға өтінімдер қаралады.
Сондай-ақ отандық ет және сүт өнімдерін (сиыр еті, құс еті, жұмыртқа, сүт, айран, сүзбе, май) өндірушілерді бекітілген бағадан асырмау бойынша өзара міндеттемемен қаржыландыру қарастырылған.

Қала әкімдігі аталған тетіктерді енгізуге белсенді түрде кірісіп кетті. Мәселен, бағаның күрт көтерілуіне жол бермеу үшін ағымдағы жылдың ақпан-сәуір аралығында жалпы көлемі 8 мың тонна көкөніске интервенция жүргіздік. Нәтижесінде баға статистика бойынша 5-10 пайызға (пияз – 10%-ға, сәбіз – 5%-ға, картоп – 5%-ға, қырыққабат – 2%-ға) арзандады.

Бүгінгі күні қалада қолданыстағы келісімдер бойынша 7 мың тоннадан астам көкөніс қоры бар (картоп – 4,2 тонна, пияз – 1,3 тонна, қырыққабат – 1 тонна және сәбіз – 900 келі), бұл қала тұрғындарының азық-түлік бойынша бір айға жететін қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Өндірісті жолға қойып, қаланың ішкі қажеттілігін қантпен қамтамасыз ету мақсатында форвардтық механизм арқылы Мерке қант зауытымен 2023 жылға 3,5 мың тонна қант жеткізуге 1,6 млрд теңгеге несиелік келісім жасалды.
Сонымен қатар, жаңа тәсілдер көкөністерді сырттан сатып алуды да көздейді. Тәжікстаннан 1200 тонна пияз жеткізу туралы келісімге қол қойылды. Мамыр айында 500 тонна, маусымда тағы 500 тонна, шілдеде 200 тонна жеткізілім күтілуде.

— Қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қандай шаралар қабылдануда?

— Қаланың азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Елорданың аграрлық аймақ еместігін және шикі азық-түлік өнімдерін (ұн, макарон және наннан басқа) өндірмейді. Оның орнына сауда инфрақұрылымы мен өңдеуші өнеркәсіп дамып келеді.
Бүгінгі таңда агроөнеркәсіп кешенінде жалпы сомасы 88,3 млрд теңгені құрайтын 22 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Бірінші — өнеркәсіптік кешендер. Жалпы құны 18,35 млрд теңгеге дайын өнімді (ет комбинаты, нан-тоқаш өнімдері, жартылай фабрикаттар, ұн және кондитерлік өнімдер және т.б.) өндіретін және қайта өңдейтін өнеркәсіптік кешендерді салу жөнінде 8 инвестициялық жоба іске асырылуда, ол жалпы көлемі 72,3 мың тонна өнім береді.

Сондай-ақ «Kazakh Invest» компаниясымен бірлесіп, кондитерлік өнімдерді шығаратын зауыт салуға шетелдік инвесторды тартып жатырмыз. Ол -Польшаның Stokson компаниясы. Жобаның жалпы құны шамамен 5 млрд теңгені құрайды.

Екінші — заманауи сауда инфрақұрылымы. Қазір екі көтерме сауда-өнім сақтау орталығын салу бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда (көлемі 45 мың шаршы метр) жалпы сомасы шамамен 30 млрд теңге болады, бір қойма кешені (9,5 мың шаршы метр), 2 млрд тенгені, сондай-ақ үш көкөніс қоймасы (14 мың тонна өнімге арналған) 2,85 млрд тенгені құрайды.

Үшінші — жылыжай кешендері. Жылдық қуаттылығы 14 мың тонна, ал жалпы сомасы 22,7 млрд теңгені құрайтын 2 жылыжай кешенін іске асыруды қолға алдық.

Төртінші — жыл бойы өтетін жәрмеңкелер. Бүгінде Ақмола облысының өндірушісі «AQMOL FOOD» ЖШС-мен бірлесіп, қалада 2,6 млрд теңгеге жыл бойы жұмыс істейтін төрт жәрмеңке ашу бағытында инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жыл он екі ай тарқамайтын жәрмеңкелер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сатуда «егістіктен тікелей дүкен сөресіне» қағидасы бойынша жұмыс істейтін болады.
Сонымен қатар, қазір қалада жалпы құны 9,8 млрд теңге болатын 2 базардың құрылысы жүріп жатыр.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық түрлері бойынша 35 мың тонна өнім жеткізуге келісімшарт жасалды. Сондай-ақ Азық-түлік корпорациясымен бірінші сортты арзандатылған ұнды 5338 тонна астық көлемінде жеткізу бойынша келісімге келдік.

Осындай жаңа тәсілдерді енгізуден оң нәтиже күтеміз. Бұл механизм екі жаққа да тиімді әсер етеді. Өйткені тауар өндірушілер үшін бұл айналым қаражаты мен кепілдендірілген өткізу нарығы болса, қала үшін белгіленген баға бойынша тұрақты жеткізілетін өнімдер.

— Азық-түлік бағаның өсуіне тікелей қандай факторлар әсер етеді?

— Азық-түлік бағасының өсуіне әсер ететін негізгі факторлардың қатарында делдалдық схемалар бар. Делдалдар тауар құнын 40-50 пайызға дейін өсіріп жібереді. Біздің басты міндетіміз — оларды тауарды тұтынушыға жеткізу тізбегінен алып тастау. Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейттік. Мәселен, тұрақты аймақтық комиссия азық-түлік өнімдеріне баға белгілеудің делдалдық схемаларын жіті тексерумен айналысуда. Жыл басынан бері комиссияның 28 отырысы өткізіліп, оның тоғызы нақты сауда алаңдарында ұйымдастырылды. Көшпелі кездесу барысында қаладағы сауда нысандарында 15 пайыздық үстемеақының сақталуына назар аударылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қысқасы, бағаны тұрақтандыру қала басшылығының ерекше бақылауында екенін және бағаны жөнсіз өсірген кәсіпкерлерге шара қолданылатынын айтқым келеді.

— Жақында елімізде тұңғыш рет «Ozon фулфилмент» орталығы ашылды. Бұл азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан қала тұрғындары мен кәсіпкерлерге не береді?

— Иә, «Ozon фулфилмент» орталығы пайдалануға берілді. Бұл — 1000-ға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін, жалпы құны 40 млрд теңгені құрайтын ірі логистикалық кешен. Сонымен қатар, осы орталық кәсіпкерлерге онлайн бизнесін кеңейтуге де қолайлы жағдай жасайды. Орталық қосымша қызметкерлерді жұмысқа алу, қойманы, кеңсені жалдау әлі де тиімсіз немесе мүмкіндігі жоқ кейбір дүкендер үшін өте ыңғайлы. Олар осы орталыққа жүгінсе, қойманың бір бөлігін ұсынып қана қоймайды, сонымен қатар дүкен тауарларын тұтынушыға жеткізуді де жүзеге асырады. Бизнес иелеріне тек түсетін тапсырыстардың көлемі мен сапасын арттыру ғана қалады. Ал қалған ұйымдастыру мен тауар қозғалысына байланысты жұмыстарды түгел оператор өз мойнына алады.
Бүгінгі таңда қалада шағын және орта бизнеске негізделген өзін-өзі қамтамасыз ететін экономика қалыптасты деуге болады. Өйткені елордада өз кәсібін ашуға қолайлы жағдай жасалған. Шағын және орта бизнестің қала экономикасындағы үлесі 70 пайызды құрайды.
Қазір бізде 215 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері (2022 жылмен салыстырғанда 28 пайызға өскен) жұмыс істейді. Олар 11,4 трлн теңгенің өнімін өндіріп отыр. Аталған салада 489 мың адам жұмыспен қамтылған (өткен жылмен салыстырғанда 18%-ға көп), яғни бұл экономикалық белсенді қала тұрғындарының 70 пайызын құрайды.
Жалпы алғанда, Астана әкімдігі бизнесті жүргізу мен кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетудің барлық рәсімдерін жеңілдетуге барынша жағдай жасауда.

Әңгімелескен Абзал Ибрагим,
Астана

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата