jasqazaq.kz

Астанаға кіру ақылы болуы мүмкін

31 мамыр 2016, 13:25

photo_26369

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысында елордаға кіруді ақылы ету мүмкіндігі қаралды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бүгінгі таңда қалада тәулігіне 400 мыңға жуық көлік тіркеледі, сондай-ақ, елордаға алты бағыттан тәулігіне 74 мыңға жуық көлік келеді, бұл кептеліс тудырып, көліктерді тұраққа қою мәселесін қиындатады. Трафикті шектеудің ең тиімді жолдарының бірі – қалаға кіруді ақылы ету. Біз қала аумағында көшелердің белгілі бір учаскелерін ақылы қылуды ұсынамыз», — деді Е.Сүлейменов.
Нақты қай учаскелердің ақылы болатыны әзірге белгісіз. Қоғамдық кеңес мүшелері осы мәселеге қатысты көп ескерту жасап, сөгіс айтты. Осыған байланысты ақылы тұрақтар жобасы бойынша Қосымша құжаттар, түсіндірмелер, сызбалар сұратып, мәселені Қоғамдық кеңестің келесі отырысында қарау туралы шешім қабылданды. Қалаға кіруді ақылы етуге қатысты ешқандай қорытынды шығарылған жоқ.+

Е.Сүлейменов, сондай-ақ, Астанадағы жолаушылар көлігінің жұмысы туралы ақпаратпен таныстырды.
«Қазіргі кезде 86 қалалық маршруттың 64-і шығынды болып келеді, себебі 90 теңгелік тариф 2014 жылы енгізілген, сәйкесінше, екі жылда экономикалық жағдай өзгерді. Сондықтан тарифті көтермеу үшін субсидиялау керек», — деді ол.
Қоғамдық кеңес мүшелері субсидиялауды қолдады. Алдағы екі жылда қоғамдық көлікпен жүру тарифін бұрынғы деңгейде – 90 теңге мөлшерінде қалдыру жоспарланған.

Bnews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде