jasqazaq.kz

Астанаға кіру ақылы болуы мүмкін

28 шiлде 2016, 14:12

 

a255d99b18312b78b79483d33a166d682c223

 

Астана қаласына өз көліктерімен келушілер үшін таңғы уақытта қалаға кіру ақылы болуы мүмкін. Жұрт жұмысқа жиналған сағат 7 мен 10-ның арасында елордаға кіруді 200 теңге ету туралы ұсыныс жасалып жатыр. Айтуларынша, жолды ақылы қылса, қаланың бас көшелеріндегі кептелісті азаюы мүмкін, –  дейді BAQ.kz тілшісі 31 арнаға сілтеме жасап.

Әдетте ресми жиналыс жиі өтетін залға бүгін Астана тұрғындары келді. Тас талқаны шыққан жолдар, жамалған асфальт, у-дай такси мен ақылы автотұрақ жыры. Бұдан бөлек астаналықтарды кондуктор этикасы мазалайды екен. Аяғын шығарып автобус тізгіндейтіндер мен құлағынан телефон түспейтін жүргізушілер де жұрт ызасын әбден келтіріпті.

Осы тектес түйткілдердің алдын алу үшін электронды билет жүйесі енгізіліп жатыр. Қоғамдық кеңес тыңдалымына келген компания электронды карта сатып алатын аппараттарын жұрт назарына ұсынды. Сондай-ақ су жаңа автобустар, «скулбастар» бар. Айта кетерлігі, оқушыларды мектепке таситын бұл көліктер келесі жылы іске қосылмақшы. Сондай-ақ компания Астанаға кіруді 200 теңге ету керек деп отыр.

ТАЛҒАТ АРДАН, «Астана LRT» ЖШС-нің басқарма төрағасы:

–  Таңғы 7 мен 10 аралығында Астанаға кіретін көлік көп. Кептеліс сұмдық, сондықтан осы уақытта қалаға кіру, мысалы, 200 теңге етіп қойсақ. Және келушілер көлігін кіре беріске тастап кетіп, қоғамдық көлікте діттеген жеріне тегін жетсе де деген ұсыныс бар.

Қоғамдық көлік емес, таксимен жүретіндерге де жағымды жаңалық. Қазір елордада жұмыс істеп тұрған 8 такси компаниясы жеткіліксіз, сондықтан қосымша мынадай таксилер жіберілмек. Ал жұрт жиі шағымданатын елорда жолдарының 33 шақырымы биыл жөнделмек. Сондай-ақ Астанадағы 4 жолды бір бағытқа өзгерткен әкімдік тарапы бұдан едәуір ұттық деп отыр. 30 пайызға көлік жүктемесі азайды деген жауапты орган жақын арада тағы бірнеше көшені бір бағыттық етпекші.

 

BAQ.kz

 

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде