jasqazaq.kz

Астана 15 қабатынан құлаған студент қыз есін жиды

11 мамыр 2017, 9:48

Астана қаласындағы тұрғын үй кешендерінің 15 қабатынан құлаған 16 жастағы Людмила Спирина есін жиғанымен жағдайы ауыр. Бұл туралы nur.kz хабарлады.

Ажал құшағынан аман алып қалған, ақ халаттылар Людмиланың жағдайын бір қалыпты дейді. Дегенмен, алған жарақаттар ауыр. Жамбас , бел омыртқаның біразы сынған. Миы шайқалған деген диагноз қойылыпты. Қалыпқа келгеннен кейін міндетті түрде ота жасалмақ.

«Бүгінгі таңда осы жағдайға қатысты Астана қаласының құзырлы органдары тексеру жұмыстарын қолға алған. Сонымен бірге Арнайы сараптама да жүргізілетін болады», — деді анестезиолог Сауле Тайжанова.

Ал Людмиланың анасы қызының мұндай қадамға баруына әлеуметтік желі есер етуі мүмкін деп отыр. Себебі соңғы бір айда ашық-жарқын бойжеткен тұйықтала бастағанын айтты. Әлеуметтік желіде екі аптадан бері хат алмасқан адамның кім екенінен бейхабар.

«Ол тұйықтала бастады. Күнделікті біреумен хат алмасып отырғанын байқайтынмын. Біраз уақыт болды, кездесіп жүрген жігітімен қарым-қатынастарын тоқтатқан болатын. Мүмкін сол әсер еткен болар. Мүмкін, әлеуметтік желі кесірін тигізді ма білмеймін. Бірақ, қызым өлер алдында хат тастады деп естідім. Құзырлылар мені жолатпады. Оқығым келеді не жазғанын. Сонда істің мәнін білер едім», — дейді Елена Спирина.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде