jasqazaq.kz

«Аста — төк ысырапшылдық»: Абай Бегейдің 16 жастағы қызының жасауы ел талқысына түсті (Видео)

08 қазан 2024, 12:47

Әнші Абай Бегейдің 16 жастағы қызының жасауын әлеуметтік желіде ел қызу талқылап жатыр. Өнер иесінің қызы, блогер Гүлеркем Ниязқұлова жеке парақшасында жазба жариялап, қыз жасауының видеосын бөлісті.

“Қыз бергеннен келін алған оңай ма?” деп қалдық. Сағат таңғы 2:ОО. “Жұмыла көтерілген жүк жеңіл” деп әжелерім, жеңгелерім, достарымды шақырдық. Бәріміз жүкті тас тұйнақтай етіп жинап, дайындап қойдық. Сіз де қыз ұзатып, келін алып бүкіл жиған-тергеніңізді осындай қуанышты күнге шашыңыз. Қалың малсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды. Әне-міне дегенше бұл күнде келіп жетті. Жалпы қыздың жүгін 6 жастан жинаса асады, 7 жастан жинаса жетеді деген сөздің түпкі мағынасын енді түсініп жатырмыз”, – деп жазды блогер ару.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, қыз жасауын қызу талқылап жатыр.

“Ақтаудан қыз алуға қорқып қалдық”, “Аста- төк ысырапшылдық екен”, “Бір үйдің ақшасы кетті-ау. Ыдысының өзі миллион теңгеден асады”, “Бізге де жұғысты болып, осылай жасау жинайық”, “Бәрі жақсы тек зат мен киім өте көп екен”, “Төреғалидың қарындасыныкіндей бренд емес”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от NIYAZKULOVA ERKE ❤️‍🔥 (@niyazkulova_erke)

JQ-Aqparat

Сурет: instagram.com/niyazkulova_erke
Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі