jasqazaq.kz

«Ассамблея жастары» ұйымының белсенділерімен кездесу өтті

29 мамыр 2025, 12:59

Шымкент қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Расул Ахметов пен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Сәрсен Құранбектің қатысуымен «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділерімен кездесу өтті.

Жиынды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Сәрсен Құранбек ашып, кездесуді жастармен еркін пікір алмасу форматында өткізді. Ол өз сөзінде этнос жастарын бір шаңырақ астына біріктіріп отырған қалалық «Ассамблея жастары» ұйымының жұмысын оң бағалап, жастардың елдік мұрат жолындағы белсенділігін тілге тиек етті.

– Бүгінгі жастар – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпақ. Жас буынмен жүздесу, пікір алмасу – күнделікті күйбең тірліктен бір сәт арылтып, ертеңге деген сарқылмас сенім мен үкілі үміт сыйлайтыны анық. Қалалық «Ассамблея жастары» ұйымы – этнос жастарын бір шаңырақтың астына топтастырып, мемлекеттің бірлік пен татулық қағидаттарын нақты іспен жүзеге асырып келе жатқан маңызды құрылым. Ұйым бүгінде қаламыздың қоғамдық өмірінен өз орнын тауып, жастарды игі істерге жұмылдыруда. Біз үшін сіздердің пікірлеріңізді тыңдау, ой бөлісу – аса маңызды. Жастардың ел ішіндегі бірлік пен татулықты сақтау ісіне атсалысуы – бұл үлкен жауапкершілік, – деді қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Сәрсен Құранбек.

Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Расул Ахметов сөз сөйлеп, қатысушы жастардың сауалдарына жауап берді. Өз сөзінде этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықтың жастар арқылы нығая түсетінін айтты. Сонымен қатар, әрбір жастың бойында азаматтық жауапкершілік пен елге деген жанашырлық қасиеті болу қажеттігін атап өтті.

Мақсаты жастардың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы белсенділігін арттыру, әлеуметтік жобаларға қатысуын ынталандыру және бастамаларына қолдау көрсету болған жиын еркін форматта жалғасып, жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлерін ашық жеткізді. Қатысушылар Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан көрсетіліп отырған қолдау үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта этносаралық келісімді нығайту жолында белсенді еңбек етуге дайын екендіктерін жеткізді.

Жиын соңында ұйым белсенділері өз өнерлерін ортаға салып, поэзия оқып және гитарамен ән шырқап, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Одан кейін қатысушылар шымкенттік «Ассамблея жастарының» қолтаңбасы саналған «Бірлік» холстына өз қолтаңбаларын қалдырып, кездесуді шын мәніндегі ынтымақ пен татулықтың символдық сәтімен түйіндеді.

Қоғамдық келісім баспасөз қызметі

Бүгін, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
Бүгін, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста