jasqazaq.kz

Асқар Забикулиннің ерлігі ұмытылмайды

19 қазан 2023, 16:00

Астанада Құтқарушылар күніне орай Асқар Забикулинге арнап Керей-Жәнібек хандар көшесінде орналасқан №6 өрт сөндіру бөлімінде ескерткіш ашылды. Бөлімге батырдың есімі берілді. Іс-шараға төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек және Асқар Забикулиннің туыстары мен әріптестері қатысты.

«Асқар Забикулин адамдарды қорғауда өзінің өмірін қиды. Қатарда тұрған біздің Асқар Забикулиндей азаматтарымыз жасай берсін. Асқар Забикулиннің ерлігі өшпесін. Біздің жастар, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар одан үлгі алып, патриоттық сезімі оянып тек қана өз қызметін жоғары деңгейде атқаратынына сенімдімін. Асқар Забикулиннің қандай ерлік жасағанын ешқашан ұмытпаймыз. Асқардың аты ешқашан өшпейді. Әрбір адамның, әрбір құтқарушының жүрегінде болатын есім», — деді сырым Шәріпханов.
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Асқардың ерлігіне тоқталып, батырдың есімі ешқашан ұмытылмайтынын жеткізді. «Асқар батылдықпен, өжеттілікпен өз ісіне адалдықты көрсеткен шын патриот. Адамдар өмірін құтқарамын деп отқа түскен бүгінгі күннің батыры. Асқар Забикулиннің құрметіне елордада көше аты берілді. Құтқарушылар саябағында мемориалдық тақта орнатылды. Енді бүгін Астананың ортасында ескерткіш-бюст ашылып, өзі қызмет еткен өрт сөндіру бекетіне есім берілуде. Асқар Забикулиннің есімі мәңгі біздің жанымызда, жүрегімізде болады. Батырлардың ардақты есімі еш уақытта ұмытылмайды», — деді қала әкімі Жеңіс Қасымбек.

Еске түсрісек, өткен жылы 16 қарашада Астанадағы көпқабатты үйдің бірінде өрт шығып, адамдарды құтқару кезінде Асқар Забикулин алған күйіктерінен 20 қарашада ауруханада көз жұмды. Қайтыс болғаннан кейін I дәрежелі «Айбын» орденімен, «Жыл Батыры» номинациясы бойынша «Алтын Адам» сыйлығымен марапатталды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі