jasqazaq.kz

Әскери журналистика бойынша шеберлік сабақтары

27 ақпан 2025, 19:14


Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әскери кафедрасында білім алып жатқан болашақ әскери журналистер бүгін оқу бағдарламасына сәйкес ҚР ҚМ Медиа-контент орталығында практикалық сабақтардан өтті. Аталмыш орталық Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің өмірінде маңызды роль атқарады.

Қорғаныс ведомствосының ресми іс-шаралары, мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі оқиғалар, әскерлердің жауынгерлік даярлығы мен жаттығулары, армия спортшыларының беделді халықаралық жарыстарда өнер көрсетуі, сондай-ақ Қазақстан армиясы жауынгерлерінің күрделі, бірақ қызықты жауынгерлік жұмыс күндері – бәрі әскери журналистердің назарында.


Армияның тыныс-тіршілігі ведомствоның Instagram әлеуметтік желісінің ресми аккаунтында, Telegram және Youtube арналарында, Қорғаныс министрлігінің сайтында белсенді түрде жарияланады.
Медиа-контент орталығымен танысу барысында студенттер естіп-білгендей әскери журналистер өз қызметінде әрқашан сенімділік, объективтілік және жеделдік қағидаларын ұстанады екен. Солардың еңбегінің арқасында қалың оқырман мен көрермен әскери қызметтің ерекшеліктерімен танысып, Қарулы күштердің қызметі мен жетістіктерінен, Отан қорғаушылардың күнделікті тіршілігінен хабардар болып отырады. Әскери журналист мамандығының маңыздылығы да осында жатыр.
ЕҰУ әскери кафедрасының студенттеріне осы Орталықта қызмет жасайтын тәжірибесі мол мамандар қиындығы да, қызығы да мол әскери журналистиканың қыр-сырын үйретті.


Мысалы, редакциялық-баспа бөлімінің басшысы Татьяна Бредихина мәтінмен жұмыс істеу, әскери терминдерді дұрыс пайдалану, материалдың құрылымын шымыр, мазмұнын қызықты етіп беру туралы өз тәжірибесімен бөлісті.
Монтаж және дизайн басқармасының басшысы Сәния Садықова жаңа технологиялардың негізінде видеоматериалдарды монтаждау, көрерменнің көңіліне қонымды етіп беру жөнінде баяндап берді.
Медиа-контент орталығы бастығының орынбасары полковник Роман Казунин болса студенттерді осы шығармашылық ұжымының өндіріс ошағы – дыбыс және бейне жазу студиясымен таныстырды. ҚР Қарулы Күштерінің қызметіне қатысты барлық бейнероликтердің, подкастардың, басқа да өнімдердің осында жазылып, жасалатынын баяндады. Әртүрлі далалық оқу-жаттығуларын түсіруге арналған, алыр жүруге ыңғайлы жылжымалы телевизиялық станцияның міндеттерін де түсіндіріп берді.
Қорыта айтқанда, «Мың рет естігеннен бір рет көрген артық» демекші осындай практикалық сабақтардың болашақ әскери журналистер үшін тағылымы мол екені даусыз.

Рамазан Төлегенов,
ЕҰУ әскери кафедрасының студенті

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры