jasqazaq.kz

Әскерден жалтаратындардың түнгі клубта жүруге денсаулығы бар

07 маусым 2023, 16:58


Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жастардың әскерден жалтаруына қатысты өз пікірін айтты.

«Ең алдымен, бұл мәселе тәрбиеге қатысты болуы мүмкін. Сондықтан дәл қазір министрліктегі жауапты қызметкерге тиісті тапсырма беремін. Ол арнайы түрде автобуспен журналистерді жақын жердегі әскери бөлімшеге жеткізеді. Сол жерде тілшілер әр сарбазбен сөйлесе алады. Жауынгерлердің қандай жағдайда қызмет етіп жатқанын емін-еркін көресіздер. Бұл бөлімшеде алдын ала дайындық жасамаймыз», — деді Р. Жақсылықов.

Министр жастар арасында патриотизмді кеңінен насихаттау керек дейді. Өзі үшін де, отбасы үшін де, Отаны үшін де жауапкершілікті сезіне білетін адамды тәрбиелеу керек. Түнгі клубта өзінің демалысына көбірек көңіл бөлетін адамдарға жауапкершілік жүктеу қиындау болады.
«Өз халқыңның патриоты болсаң, неге әскерге бармайсың? Егер жастар түнгі клубта жүрсе, онда олардың көңіл көтеруге, уақытын босқа өткізуге денсаулығы жеткілікті екенін білдіреді ғой?! Бірақ олар өздерінің әскери борышын өтегісі келмейді», — деді қорғаныс министрі.

Сонымен қатар ол Қарулы күштердің басшылығы әскердегі теріс әрекеттерге тосқауыл қою бағытында тиісті іс-шараларды ұйымдастырып жатқанын айтты.
Әскердегі суицид, әлімжеттік туралы сауалға министр «Өмір деген жизнь» деп жауап берді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі