jasqazaq.kz

Қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс елімізде ет қымбаттап кетті

26 мамыр 2017, 22:30

Еттің көтерме сауда құны келісіне кем дегенде 200 теңгеге өскен. Қазақстанның табиғи таза еті шетелде сұранысқа ие болғандықтан, отандық өнімнің біраз бөлігі экспортқа да кетіп жатыр. Салдарынан өз қазанымызға салар ет кеміп, баға өскен. Алайда Ауыл шаруашылығы министрлігі оны реттеуге құлықты емес. Тіпті, бағаның өскеніне қуану керек дейді. Неге? Себебін Азамат Алдоңғаров біліп көрді.

Қарағандыда қой еті тапшы. Оның құны келісіне1200 теңгеден бірден мың теңгеге қымбаттап 2200-ге жеткен. Базардан бүгін оны іздеп те таппайсың. Жылқы еті 2 мыңнан сатылып жатыр. Ал алдағы оразада жал-жая жеймін десең, келісіне 2500 теңге төлеуге дайын болыңыз.

Василий Дашкин, ет дүкенінің иесі:

-Жылқы еті мен қой еті айтарлықтай қымбаттады. Әсіресе, қой еті шарықтап кетті. Қазір оны тіпті дүкендерден таппайсың. Менің естуімше, саудагерлер етті шаруалардан тікелей алып Қытай, Иранға жөнелтіп жатқан көрінеді.

Ал ақтаулық саудагерлер еттің өз бағасына үстінен жүз-ақ теңге қосқанымен саудасы жүрмей отыр. Өйткені, қымбатшылықтан еттен бас тартқандар көп.

Тамара Болендер, зейнеткер:

-Ет қымбат. Сатып алатын шамам жоқ. Дәріге ақша жетпей жүргенде еттен бас тарттым.

Ет саудагерлері естіген ел арасындағы әңгімені Ауыл шаруашылығы министрлігі растады. Қазір біздің өнімге Израиль, Қытай және Парсы шығанағы мемлекеттері қызығып отыр. Оларға әсіресе қазақ қойының еті жақса керек.

Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:

-Шаруаларға бұл бағамен өнім шығару тиімді. Ет бағасын қолдан ұстап тұру бірнеше факторларға кері әсер етеді. Сондықтан біз еттің қымбаттағанына қуанамыз. Өйткені шаруалардың табысы артады.

Вице-министрдің сөзінше, ет экспорты артқан сайын, ішкі нарықтағы баға да өсе бермек. Оған бірден бір себеп — Қазақстанның аусылдан таза аймақ мәртебесін алуы. Осылайша өзгеге етімізді мойындатып, сауданы қыздырып алып, өзіміз етке жарымауымыз ықтимал. Бір сөзбен тіске кірген ет, енді ақшаң болмаса түске ғана кіреді.

Негізгі азығы ет саналатын қазақ үшін отыз күн оразада ұлттық асы табылмаса қиын болғалы тұр. Қыстан шыққан малдың көктемде қоң алып үлгермегенін де ескерсек, тәуір ет қанша қымбат болса да амалсыз аласың, не арзанның сорпасы татысын-татымасын әлеуметтік дүкендерден бұйырғанын жеуге тура келеді.

ktk.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде