jasqazaq.kz

Ашық саясаттың жаңа кезеңі

13 қыркүйек 2025, 12:19

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында айтылған бастамалардың ішінде бір палаталы Парламент құру мәселесі ерекше назар аудартады. Бұл – еліміздің саяси жүйесінде түбегейлі өзгерістер әкелетін маңызды қадам. Мемлекет басшысы мұндай реформаны асығыстыққа салмай, халықтың талқылауынан өткізіп, 2027 жылы жалпыұлттық референдум арқылы шешуді ұсынды. Демократиялық қағидаттарға берік ұстанымның айқын көрінісі.
Маған ерекше әсер еткені – Президенттің «іргелі реформаларды тосыннан жарияламаймыз, қоғамнан жасырмаймыз» деген ұстанымы. Шын мәнінде, тағдырлы мәселелерді тек халықпен бірге талқылау арқылы ғана әділетті шешім қабылдауға болады. Бұл – елдің болашағына деген шынайы жауапкершіліктің көрінісі.
Парламенттік реформаның мәні терең. Егер ел бір палаталы Парламент құруға келіссе, онда саяси партиялардың жауапкершілігі бұрынғыдан да арта түспек. Партиялық бәсеке күшейіп, Мәжіліс нағыз саяси пікірталастар алаңына айналады. Бұл өз кезегінде халықтың сенімін арттырып, билік пен қоғам арасындағы байланысты нығайтады.
Сонымен қатар Жолдауда кәсіпкерлерге қатысты айтылған ойлар да маңызды. Мемлекет басшысы бизнеске қолдау көрсету, әділ бәсекелестік орнату, адал еңбек етіп жүрген кәсіпкерлерді қорғау қажеттігін қадап айтты. Бұл – Қазақстан экономикасының жаңа серпін алуына жол ашады. Кәсіпкер еркін дамыса, елдің әл-ауқаты да көтеріледі.
Саяси реформа мен экономикалық реформаның тоғысуы – біздің басты артықшылығымыз. Бір жағынан, халықтың сеніміне сүйенген бір палаталы Парламент құрылса, екінші жағынан, еркін кәсіпкерлікке негізделген қуатты экономика қалыптасады. Екеуі де бір мақсатқа – Әділетті және Қуатты Қазақстан құруға қызмет етеді.
Сондықтан бұл бастамаларды жүзеге асыруда баршамыздың үн қосуымыз, әрбір азаматтың белсенділігі аса маңызды.
Тахирбек НИШАНБАЕВ
«Шымкент қаласы өзбек этномәдени қоғамы» ҚБ төрағасы

14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды
09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
09 шiлде, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін