jasqazaq.kz

«Ашық есік күні»: Шымкенттік оқушылар әскери өмірмен танысты

14 сәуiр 2023, 10:51

Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шымкент қаласындағы Механикаландырылған бригада аумағында ерекше форматта «Ашық есік күні» патриоттық акциясы өтті. Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған шараға қаланың жалпы білім беру мекемелерінен 150-ге жуық оқушы қатысты.

Акция барысында оқушылар сарбаздардың тұрмыстық үй-жайлары, ас мәзірі және әскери борышты өтеуге қандай жағдай жасалғанымен танысты. Бақылау-өткізу пунктінде қонақтарды бөлім командирінің тәрбие жөніндегі орынбасары подполковник Ренат Калидолдин қарсы алды. Ол балаларға әскери қызмет өткерудің маңыздылығы туралы, Отанды қорғау әр азаматтың парызы екенін айтты.

– Отанды қорғау – ер-азаматтың міндеті, ал әскери қызмет әрқашан өз Отанына деген сүйіспеншілік пен борыштың ең жоғары көрінісі болып саналды, – деп атап өтті подполковник Ренат Калидолдин.

Бүгінгі сарбаздардың өмірі, қонақтарды өзінің ыңғайлы ұйымдастырылған механизмімен таң қалдырды. Бір ғана сарбаздар асханасындағы тамақтану рационының өзі көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

– Алты адамға арналған үлкен және кең орындар. Әр үстелде бірнеше салат түрлері бар екен. Ас мәзіріне сәйкес, біріншіге екі түрлі, екінші екі түрлі ет және үш түрлі гарнир ұсынылған. Тәттілер, әр түрлі жемістер мен шырын сусындар да бар екен. Қалағаныңша тамақтана аласын!, — дейді 129 мектебінің 10-сынып оқушысы Сымбат Мырзахан.

Одан кейін оқушылар Отан қорғаушылардың демалыс орнымен танысты. Казармада әрқашан мінсіз тәртіп. Оқушылар кереуеттердің біркелкі орнатылғанын, ал сүлгілер болса төсектің бір бетінде жинақы орналасқанынан таң қалды. Олар сарбаздардың күнделікті таңертеңгілік жаттығу жасайтын спорттық формасы бар екенін де бұл күні бірінші білді. Ең соңында оқушылар монша-кір жуу кешеніне барып, киімдерді жуу және кейіннен өңдеу процессімен танысты.

Мерей Әлімбек

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура