https://www.youtube.com/watch?v=tHDL-BvYiGM
«Барыс» – «Северсталь» матчы кезінде жас жігіт сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады. Бұл туралы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.
«Бойжеткен «Алтын билет» лотореясын ұтып алдым деп ойлап, хоккейлік кәдесый алуға ортаға шыққан. Алайда оны одан да үлкен сый күтіп тұрды», — делінген хоккей клубының парақшасында. Айта кетерлігі, «Барыс» аталмыш матчта «Северстальды» 2:1 есебімен жеңіп шықты.