jasqazaq.kz

Асхат Садырбай: Құндылық, жауапкершілік, әдеп қайда қалды?

24 маусым 2023, 13:47

Асхат Садырбай аттестаттарын қоқысқа тастағандарды әлеуметтік желіден көріп, бәріміз де оқушы болдық, бірақ мұндай жағдайды бірінші рет көргеніне қынжыла жазып отыр.

«Аттестаттарын қоқысқа тастап жатқан оқушылардың видеосын көріп ойланып қалдым… Бәріміз де оқушы болдық, бала болдық. Бірақ мемлекеттік емтиханды аман-есен тапсырып алған соң аттестатты асыға күтіп, мектеппен қоштасарда бар ойымыз оқуға, грантқа түсу, бір мамандықты игеру болды. Сол бір жапырақ қағаздан (аттестаттан) артық қағаз болған жоқ қой сол кезеңімізде. Биыл біздің мектеп бітіргенімізге 20 жыл болды. 20 жылдық кездесуді дүркіретіп тойладық. Мектебімізге, ұстаздарымызға сый-сыяпат жасап, баталарын алдық. Бәрінен бұрын сыныптастарымызбен сағыныса қауышып, таңды таңға жалғап әңгіме айттық, ойнадық, биледік, сол қызық болды. Мектеп бітіретін уақытта бәріміз армандарымызды бір параққа жазып жетекшілерімізге жинап беріппіз. 20 жылдан соң сол қағаздарды оқып тағы бір таңғалдық. 20 жыл деген көп уақыт та емес шығар, бәлкім. Бірақ сол уақыт пен қазіргі уақытты салыстырар болсақ тәуелсіздік алған жылдардың алғашқы кезеңі, дүкенде азық-түлік бүгінгідей толып тұрмайды. Асханадан 1 пирожкиді жесең жедің, жемесең қыздар алып келген нандарын қанағат тұтасың. Компьютер, телефон, планшет, ноутбук атымен жоқ. Ауылдағы мектепке компьютер біз 10-сынып оқып жүргенде келді. Оның өзіне тек информатика сабағында кіресің, болды.
Қазір ше? Әр балада бір-бір телефон, интернет, тик-ток, каспи голд. Шүкір ғой. Қазіргі мектептегі білімді сынаған жазбаларды көзім шалып қалды. Ал жарайды білім соншалықты төмен екен, тәрбие ше? Баланың тәрбиесіне де мектеп жауапты ма, сонда? Құндылық, жауапкершілік, әдеп қайда қалды? Прикол үшін, контент үшін десеңіз, қайтадан сол тәрбиеге келіп тірелеміз. Ал шын білім іздеген бала қолындағы телефонды алып қоқыс жәшігінен контент жасағанша оқиды, ізденеді, өзінше білім алады. Басқасының бәрі бос сөз бен сылтау», — деп жазды тележүргізуші.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі