jasqazaq.kz

Асхат Аймағамбетов жалған ақпарат жазған журналисті қудалай ма? (Видео)

11 қыркүйек 2024, 14:36

Маңғыстаудағы Мұнайлы ауданында 500-ге жуық оқушы уланған мектептің директоры Тойлыбай Аймағанбетов Orda.kz сайтына берген сұхбатында Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовке туыс болып келетінін айтқан болатын. Экс-министр кейін бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Azattyq-ruhy.kz сайты хабарлауынша, Асхат Аймағамбетов өзі туралы расталмаған ақпарат жазған журналисті сотқа бермейді.

«Бұл фейк ақпарат. Кеше жалған ақпарат екенін хабарладым. Ары қарай мәселені ушықтырғым келмейді. Мен журналистерді қудалауға қарсымын. Ол жақта да өз шындығы бар шығар. Мен журналисті айыптамаймын. Егер қандай да бір түсініспеушілік орнап жатса, ол біздің ақпаратты аз бергендігімізден деп ойлаймын. Өйткені, ондай жағдайлар кездесіп тұрады. Сондықтан, мен әр жағдай кезінде журналисті сотқа берсем, ол біріншіден нәтижесіз әрекет, екіншіден теріс әрекет», — дейді депутат.

Аймағамбетов оқиға орнында журналистке бәлкім басқаша ақпарат айтылған да шығар деген пікірде қалды.

«Менің бірінші міндетім – түсіндіру, жоққа шығару. Осымен мәселе бітті деп ойлаймын», — дейді Аймағамебтов.

JQ-Aqparat 

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі