jasqazaq.kz

Қашқынды қуамын деп аяғын үсітті

31 қантар 2017, 23:50

Бандыны қуған бүгінгінің Хамиті! Ақтөбеде қоныс колониясынан қашқандарды ұстамақ болған түрме қызметкері он шақырым бойына жазасын өтеушілер мінген машинаға жармасып жатқан. Сөйтіп, 34 жастағы әділет майоры Нұржан Жидеханов аяқ-қолын үсітіп алыпты.

Ktk.kz хабарлағандай, ол мұндай жағдайға қоныс колониясынан қашқан екі адамда іздеп жүріп тап болған. Жазасын өтеушілер бір апта бұрын медициналық тексеруге кетіп, сол күйі оралмапты. Олардың қала шетінде Тойота көлігімен қашып жүргенін естіп, майор сол жерге жеткен. Оны көріп қылмыскерлер қашпақ болғанда, Нұржан Жидеханов жүріп бара жатқан көлікке жармасып алады. Төбесіне жабысқан күйде он шақырым жер жүріпті. Тек тәртіп сақшылары көліктің жолын бөгеп, майор аман қалды. Енді осы үшін қос қашқын жаза үстіне тағы да жаза арқалайтын болды.

Нұржан Жидеханов, КА-168/3 түзеу мекемесінің қызметкері:

-Құлайтынымыды біліп, машинаның үстіне мініп алдым. Екі жағында ұстайтын тірегі бар екен. Соны ұстап жаттым төбесінде. Жылдамдығын түсіре бастағанда, сол кезде мен машинаның төбесінен құладым.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде