jasqazaq.kz

Әсел Сәдуақасова: Бұл ажырасу емес…

29 қыркүйек 2023, 12:56


Актриса Әсел Сәдуақасова осыдан үш ай бұрын өзінен он жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан еді. Қазір күйеуі Мағжанмен ара-қатынасында әлдебір түсініспеушілік басталған сияқты. Актриса әлеуметтік желідегі парақшасында сырын ақтарды:
«Алғашқы жылы ерлі-зайыптылар қиын сәттерді бастан өткізеді. Бірақ мен сондай жағдай бізде болады деп мүлдем ойламадым. Біз Қазақстанға келгенде ата-аналарымызбен танысып, той жасауға шешім қабылдап, тойға дайындық жасап қарбаласып кеттік. Мағжан көп жобадан бас алмай қалды. Біз бірге тұрсақ та, сирек көрісетін едік. Ол үйде болмайтын. Түнгі сағат екі, үш, төрт, тіпті таңғы бесте келетін болды. Мен оның бұл әрекетіне наразы екенімді айтқанда, «мен ұзақ уақыт елде болмадым, достарымды көрмедім, жұмыстамын» деп жауап берді. Оны түсінуге, ренжімеуге тырыстым. Балиде 3,5 ай жүргенде тәулігіне 24 сағат бірге едік. Тойдың дайындығымен көңілімді аулайын деп кездесулер өткіздім, безендірумен, көйлек таңдаумен, шақыру билеттерімен айналыстым».
Ал тойдан кейін Мағжанмен ара-қатынасы нашарлай бастаған. «Тойымыз естен кетпестей өтті. Сондай әсерлі сәттерден кейін өзіңді шаршаңқы сезінуің заңдылық. Мағжан екеуіміздің арамыз одан сайын суып кетті. Бір-бірімізді тыңдаудан қалдық. Ол жұмыстан бас алмайды. Екеуара сөйлесіп, мәселені шешуге тырыстық. Бірақ келісімге келсек те, уәдемізде тұра алмадық. Мен жанжал шығарып, жылап қалатын болдым. Кейін мұның бұлай жалғаса бермейтінін түсіндім. Соны біле тұра ештеңе істемедім, бәріне төзіп, ренішімді іште сақтадым. Күн ұзаққа қайғырып, «нені дұрыс айтпадым, мүмкін нашар әйел шығармын, мүмкін оны түсіне алмайтын шығармын» деп өзімді мүжи бастадым», — жазады Әсел.
Содан кейін ол Мағжанды мейрамханаға шақырып, бөлек тұру туралы шешім қабылдағанын айтады. «Бұл ажырасу емес, біз осындай шешім қабылдадық. Қазір көптеген ерлі-зайыптылар ажырасып кетіп жатыр. Ал психологтар уақытша бөлек тұруға кеңес береді. Онда 90 пайызында неке сақталады екен. Мен оны қорқыту үшін айтқаным жоқ. Қайта мұндай шешім қабылдау маған қиынға соқты. Ол үнсіз тыңдады да, кешке тағы сөйлесуді ұсынды. Кешке біз ашық сөйлестік. Көп нәрсені айтпай, іште сақтап жүргенімді білгенде Мағжан таңырқап қалды. Алдағы уақытта бұлай жасамауымды өтінді. Ереже мен қағидалар тізімін жасап, ара-тұра жаңартып отырамыз деп шештік. Бұл қолымыздан келетініне көзіміз жетті», — дейді ол.

JQ-Aqparat

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры