jasqazaq.kz

Асаба Асхат Қылышбек: Тойға қонақтар ештеңе әкелмесін

26 сәуiр 2023, 11:21

Айтыскер әрі асаба Асхат Қылышбек қазақтың тойына қатысты өз ойын әлеуметтік желіде бөлісті. Өнер иесінің айтуынша, тойды мейрамханынң шығынын жабу үшін жаскамау керек екен. Ол Фейзбуктағы жазбасында былай дейді.

«Мұны айту түгіл маған ойлауға да болмайды негізі. Той менің де неше жылдап жолға қойған бизнесім. Бірақ той болмаса да Алла несібемізді береді. Карантинде тойсыз да аштан өлген асаба болған жоқ!

Сонымен, той сезоны басталып жатыр. Тойға қонақтар ештеңе әкелмесе шіркін… Шамасы жеткендер той жасап, дастархан жайсын жақындарына. Батасын алсын! Сауабын алсын! Ақшасын емес… Ол ақша бәрібір той иесіне де пайда емес, ресторанды жабуға жетсе жақсы. (Қазір Алматыда адам басына 15 000 нан кем тойхана жоқ. Жұбымен барған қонақ 30 мыңнан кем апарса ұят. Ал айлығы 100-200 мың тг. Айына 10 той шақырады жазда көресің! Үйіне не қалды сонда?)
Жарайды, үйлену тойға жас отауға көмек ретінде берсін аямай сыйлық. (Қаржылай) Мейлі, сүндет тойға да… Басқа тойларға қонақтар тегін келіп, демалып қайтса ғой. Сонда ресторан қожайыны мен әртістерді асырайтын қаптаған тойлар азаяр ма еді дейді бір ойым.

Осы үндеуімді тойларыңда айтып тарата жүріңдерші, өтініш! Бәлкім ел қолдап кетер. Әйтпесе 20, 30, 40 жас той не керек? Тойдың түр түрі бар қазір. (Мысығының туған күніне де той жасағанды көрдік қой желіден.) Қарапайым халыққа обал шынында», — деп жазды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі