jasqazaq.kz

Аса ірі мөлшерде ұрлады деген күдікке ілінген банк менеджері Ресейден экстрадицияланды

20 маусым 2025, 10:12

Бас прокуратура сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін күдіктіні Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды jasqazaq.kz

Тергеу нұсқасы бойынша ол 2015-2017 жылдар аралығында Астана қаласы банктерінің бірінің филиалының жетекші менеджері бола отырып, сомасы 31 миллион теңгеден астам ақша қаражатын иемденіп, талан-таражға салған.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланды.

Өткен жылдың маусым айында іздеуде жүрген адам Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында ұсталды және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

 

 

 

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы