jasqazaq.kz

Қаржы пирамидасын құрған әйел зейнеткерлер мен мұғалімдерді алдаған

02 тамыз 2016, 10:57

photo_28084

Екібастұзда 24 жастағы қыз қаржы пирамидасын құрғаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық баспасөзге сілтеме жасап.

Оған «Аса iрi мөлшерде, бiрнеше рет жасалған алаяқтық» бабы бойынша айып тағылды. «Сот Ғалия Арюстина айыпталушыны қылмысқа кінәлі деп тапты. Оған бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, мүлкі тәркіленеді және өмір бойына құмар ойындарды ұйымдастыру ісімен айналысуға тыйым салынды», — деді Екібастұз сотындағылар. Сотталушы жазасын жалпыға бірдей колонияда өткізетін болады.

Соттағылардың айтуынша, жарты жыл ішінде әйел адам 44 адамды алдап, 25 миллион теңгені қолды қылған. Жәбірленушілер қатарында Павлодар және Екібастұз тұрғындары. Қылмыстық іс материалдары бойынша, ол қаржы пирамидасын «Эврика» интернет-клуб жұмысының ұстанымына ұқсатып, тұрғындарға Түркиядағы ұяшықтарға сатып алуларға ақша салуды ұсынған. Салымшыларды сендіру үшін ол әртүрлі презентациялар ұйымдастырып, бірінші клиенттерге қомақты қаржы беріп отырған.

Клубқа салынатын қаржы 120 мыңнан миллион теңгеге дейін болған. Әйел өзінің салымшыларына салған соманы бес есе қайтарып алатынына уәде берген. Айта кетейік, осы қылмысты жасау барысында екібастұздық әйел жүктіліктің тоғызыншы айында болыпты. Жәбірленушілердің көбісі оған осыған байланысты сенім білдірген. Алданғандардың арасында Екібастұз қаласының наркология диспансерінің қызметкерлері, мұғалімдер, әлеуметтік мекеме қызметкерлері және зейнеткерлер болған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде