jasqazaq.kz

Қаржы «пирамидасы» жабылмайды екен

06 қазан 2016, 20:08

 

1331e96524ea8a672c9ea17a1188f04c_resize_w_520_h_

Кеше Қарағандының Майқұдық ауданында біраз уақыттан бері жұмыс істеп тұрған «Оптовка» қаржы компаниясы жабылып қалғандығын  жергілікті тұрғындар хабарлаған болатын. Бүгін осы мәселенің мән-жайын анықтау үшін қаржы компаниясына хабарластық.

5a73f114262cf02e32d71eb9c26828b2Нүркен Әбдіров даңғылы бойында орналасқан бөлімшенің жабылып қалғандығы белгілі болды. «Оптовка» қаржы компаниясының қызметкерлеріне телефон арқылы хабарласқанымызда, өзін «Оптовка» қаржы компаниясының қызметкерімін деп таныстырған азамат «бізде тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, бүгін не ертең ашыламыз» деп сендірді.  «Қаржы пирамидасына» ақшаларын салып, еселеп, табысқа кенелеміз деп дәмеленген қарағандылықтар «Оптовка» кеңселерінің есігін кешеден бері күзетіп жүр.

«Кешеден бері кеңсенің есігін торыуылдап жүрміз. Халық арасында «Оптовка» жабылған жоқ, тек тексеріс жүріп жатыр деген ақпарат тарады. Енді осыдан үміт күтіп отырмын. Салған ақшамызды қайтарып алсақ болды, үстемесінің керегі жоқ», — деді редакциямызға хабарласқан қарағандылық тұрғын.

Бұған дейін, Қарағанды қаласында «қаржы пирамидасы» негізінде жұмыс істейтін «Оптовка» қаржы компаниясы жайында жазған болатынбыз.

 

 

 

Baq.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде