jasqazaq.kz

Қарызын іздеп көшеге шықты

26 қыркүйек 2016, 22:50

snimok

Ақтөбедегі жылу тарату мекемесінің басшылары берешектерін іздеп көшеге шықты. 40 миллион теңге көлемінде қарызы қордаланған мекеме енді үй-үйді аралап, ақы төлемеген тұрғындарды жылу жүйелерінен ажырата бастады. Оған қоса, амалдары таусылған «Трансэнерго» мекемесі тіпті тұрғындарға қарызды өсімақысыз қайтару үшін жеңілдік жариялаған.

Жылыту маусымы жақындағанымен ақтөбеліктер өткен маусымдағы жылу ақысын өтеуге асығар емес. Жиналған қарыз көлемі де қомақты. 40 миллион теңге. Амалдары таусылған мекеме басшылары бүгіннен бастап үй-үйді аралауға көшті. Әр пәтердің есігін бір қағып, қарыздарын сұрап жүр. Бірақ оларға бүгін есік ашқан жан болмады.

Мамандардың айтуынша, борышкерлермен күрес көп уақыттан бері жүріп келеді. Кейбірінің істері тіпті сотқа дейін жеткен. Бірақ одан да оң нәтиже болмай отыр.

СЕРІК АЛДАШЕВ, «Трансэнерго» АҚ жылумен қамтамасыз ету басқармасының басшысы:

— Бүгінгі таңда 1182 материал жіберілді сотқа. Оның ішінде 790-ы қаралып, біздің шешімді қолдап, оның ішінде 311 материал бойынша бүкіл бережағынан құтылды. 312 әлі қаралып жатыр. Төрт мобилді тобымыз жұмыс істеп жаңағы жылу жүйесінен, ыссы судан ажырату жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Сот арқылы да қарызын өтей алмаған мекеменің ендігі амалы тұрғындарды жылудан ажырату. Қазірдің өзінде қарызын өтегісі келмеген 100-ге жуық пәтердің жылыту батарейлары қиылды.

Бүгіннен бастап Трансэнерго мекемесі тағы бір жаңа амалға көшті. Ақтөбеліктерге қарызды өтемақысыз қайтару үшін науқан жариялады. Мекеме басшыларының өздері көшеге шығып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жарнама парақшаларын таратты. Бірақ жылуға қарызы жоқтар берешек жерлестерінің әрекетіне ренжулі.

АҚАРЫС ШОМАН, Тұрғын:

— Сіз қарызсыз ба? – Жо-жоқ, қарыз емеспін. Мен қарыз болмайтын кемпірмін, ішпесем де төлеп тастап жөніме ғана тыныш отырамын.

Қаланы жылумен қамтамасыз етіп отырған мекеменің бұл әрекеті қарыздың қанша көлемін қайтаруға көмектесетіні белгісіз. Ал қарызды қайтармаса, қыстың қара суығында тұрғындар жылусыз қалатыны анық.

31.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде