jasqazaq.kz

Қарызын қайтара алмай, өзіне қол жұмсады

13 қыркүйек 2016, 14:45

hok_vs

Бұрынғы хоккейші, 1998 жылы Қазақстан құрамасында Олимпиада қатысқан Петр Девяткин несиелік қарыздарының көптігінен өзіне өзі қол жұмсады. Қайғылы әрекетінің себебін қоштасу хатында жазып қалдырған, –  деп хабарлады life.ru. 

Хоккейшінің туған бауыры Александр Девяткиннің айтуынша, Петр бұл қадамға несиелік қарызының көптігінен барған. 1998 жылы Наганода өткен Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасында қатысқан спортшы отбасын асырап, банк алдында жиналған қарызын өтейтін лайықты жұмыс таппаған.

— Соңғы хатында мені кешіріңдер, бұдан әрі қарызбен өмір сүре алмаймын, бәріңді жақсы көремін деп жазған, – деді Александр Девяткин. — Ол жақын күндері Порнайскіден Новосібірге ұшып келді және жұмыстарымен Мәскеуге барғалы отырған, алайда кейбір мәселелері шешілмеген сияқты.

Пётр Девяткин 10 қыркүйек күні Новосібірдегі Немирович-Данченко көшесіндегі балалар алаңқайында өзіне өзі қол салды. Спортшының денесін жолай өткен тұрғындар көріп, жедел жәрдем мен құқық қорғау органдарын шақырған.

Соңғы уақытта Девяткин Сахалинде балалар бапкері болып жұмыс істеді. Ол «Спартак» пен «Динамодан» бөлек,  «Нефтехимик», «Салауат Юлаев», «Амур» және басқа да клубтарда ойнаған.

«Динамо» құрамында Девяткин 1995 жылы чемпион атанды.

ҚазАқпарат

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде