jasqazaq.kz

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Кейбір өңірлер ұлттық спортқа көңіл бөлмейді

01 наурыз 2017, 19:00

????????????????????????????????????

Спорт туралы жаңа заңның жобасында ұлттық спорт түрлерін қаржыландыруды да қарастыру керек. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бекболат Тілеухан айтты.

stan.kz хабарлағандай, “ұлттық Олимпиада комитетіне мемлекеттік бюджеттен қаражат алу құқығы берілмек. Саралау қағидаларына негізделе отырып, олимпиадалық спорт түрлері бойынша федерациялар арасында ақша бөлінеді ғой. Ендеше жоғары жетістіктері бар ұлттық спорт түрлерін осы саралау нәтижесі бойынша спорттың басым түрі деп айқындауға болады. Қазір америкалықтар көкпар тартып жатыр, бір жарым миллиард қытай біздің аударыспақты мойындады. Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы құрылғанын білесіздер. Ресей, Қытай, АҚШ қазақтың ұлттық спорт түрлерін мойындап жатыр”, — деген депутат ұлттық спорт түрлеріне де көңіл бөліп, қаржыландыру қажеттігін алға тартты.

Өз кезегінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы тек олимпиадалық спорт қана емес, ұлттық спорт түрлерін дамыту да ерекше назарда екенін атап өтті. “Дұрыс айтасыз, кейбір өңірлер ұлттық спортқа көңіл бөлмейді. Саралауға кіргізсек, жергілікті атқарушы органдар ұлттық спортты дамытуға қаражат бөледі. Бұдан бөлек, министрліктің бағдарламасында ұлттық спортты дамыту бойынша бірнеше ауқымды шараларды белгілеп отырмыз. Мысалы, ЭКСПО көрмесі аясында ұлттық спорт түрлерінен үлкен халықаралық жарыстар өтеді. Ұлттық спортқа шетелдіктер қызығушылық танытып жатқаны рас. Осы бағытта жұмысты жалғастырамыз”, — деді Мұхамедиұлы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде