jasqazaq.kz

Арыстан жарылғыш заттар әлі табылып жатыр

26 тамыз 2020, 11:47

Арыс әскери горнизоны аумағында тасымалдауға аса қауіпті болып табылатын жарылғыш заттарды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоспарға сәйкес жарылғыш заттарды жою жұмыстары күнделікті сағат 8.00 мен 13.00 аралығында жүргізіледі. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

«Өкінішке орай, 44859 әскери бөлімінің техникалық аумағында, жарылыс салдарын жою барысында жанбай қалған, жарылуға қаупі бар жарылғыш заттар табылуда. Ол жарылғыш заттардың құрамында кездесетін аз мөлшердегі жарылғыш заттар тасымалдауға аса қауіпті болып табылады. Осыған орай, Арыс әскери горнизоны аумағында тасымалдауға аса қауіпті болып табылатын жарылғыш заттарды жою жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін әскери бөлімнің техникалық аумағында арнайы орын дайындалған. Бұл арнайы орын бүкіл қауіпсіздік шараларын сақтау ережелеріне сәйкес ұйымдастырылып, жарылғыш заттардың қалдықтарын ұшуын жоққа шығарады. Жарылғыш заттарды өртеу барысында пайда болған қауіптерді төмендетуге керекті шаралар мен арнайы құрылғылар қолданылуда. Жарылғыш заттарды өртеу кезінде тек қана дыбыстық әсер мен қара түтін болады. Жергілікті тұрғындарға төніп тұрған қауіп жоқ» делінген облыстық ТЖД таратқан хабарламада.

Жоспарға сәйкес жарылғыш заттарды жою жұмыстары күнделікті сағат 8.00 мен 13.00 аралығында жүргізіліп отыратындығы да хабарланған. .

«Құрметті қала тұрғындары! Аталған іс-шаралар қаламызды қауіпті оқ-дәрілерден залалсыздандыру үшін атқарылып жатқандықтан түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Залалсыздандыру жұмыстары қорғаныс министрлігінің арнайы мамандарының бақылауында. Қауіпке негіз жоқ. Үрейге бой алдырмаңыздар! Жалған ақпарат таратушылар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатындығын назарларыңызға жеткіземіз», делінеді хабарламада.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде