jasqazaq.kz

Аружан Саинның қорына ақша жинап жүргендер алаяқтар ма?

21 ақпан 2017, 19:46

Алматыда белгісіз жігіттер Аружан Саинның қорының өкіліміз деп жұрттан ақша жинаған. Бұл туралы Аружан өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

“Достар! Біздің қор қолма-қол ақша жинамайды. Біз тек қайырымдылық қаражатын банк, смс, терминал және online-төлем арқылы қабылдаймыз”, – деп жазды ол.

Елена Кукеле есімді қолданушының жазуынша, бейтаныс жігіттер Алматының орталық көшелерінде жұрттан ақша жинаған. Өздерін Аружан Саин қорының өкілдеріміз деп таныстырған жігіттер, суретке түсуден де еш қашпаған. Олар күн сайын әртүрлі құрамда, бірақ дәл осы киіммен жұрттан ақша сұрайды екен.

Қайырымдылық қорының басшысының айтуынша, олар қайырымдылық мақсаттағы ақшаның барлығын заң аясында жинап, сол заң аясында ғана жұмсайды. Сол себепті қордың жұмыс жүйесі толықтай дерлік банк есепшоты жүйесіне үйлестірілген.

“Ешбір адамға біздің қордың атынан Қазақстанның қалаларында, бизнес-орталықтарда, кафелерде, көшелерде ақша жинауға өкілеттілік берілмеген”, – деді Аружан Саин.

stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде