jasqazaq.kz

Аршавин: Медалімді тағы да лақтыра саламын

17 қантар 2017, 18:12

«Қазақтың ұлттық асы етті жемеймін. Өйткені оның түрі ұнамайды», депті Футболдан Ресей ұлттық құрама қомандасының экс-капитаны қазіргі Алматының «Қайрат» командасының шабуылшысы Андрей Аршавин.

Caravan.kz хабарлағандай, Ресей футболының бір кездегі жұлдызы болған Аршавинның бұған дейін түрлі ерсі қылықтары ел есінде қалған болатын. Әсіресе, былтыр Қазақстан кубогында иеленген медальін лақтыра салғаны қазақ жанкүйерлеріне ұнаған жоқ. Көпшілік мұны елді менсінбеушілік деп қабылдады. Әйтседе, аталған сұхбатта Аршавин сол қылығы үшін ақталуға тырысыпты.

«Ауа райы нашар болатын. Мен тынығатын бөлмеге кетіп бара жаттым. Ел қолдап айғайлап жатты. Сосын медаль біреуіне естелікке қалсын деп трибунаға лақтыра салдым. Өкінішке қарай, оны қарсылас команданың жанкүйері олжалапты, амал қанша», деген футболшы егер Қазақстан чемпионатын жеңіп алсам оны да жанкүйерлерге естелікке лақтыра саламын дейді.

Сондай-ақ сұхбатта спортшы еліміздің солтүстігі Ресей қалаларынан еш айырмасы жоқ деп пайымдапты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде