jasqazaq.kz

«АрселорМитталТеміртау» заңгерін өлтірген күдіктілер ұсталды

26 сәуiр 2023, 16:00

Қарағанды облысының полицейлері «АрселорМитталТеміртау» АҚ заңгерінің өліміне қатысты күдіктілерді ұстады. Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті.

«Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде Шахтинск қаласының 53 жастағы тұрғынының өліміне қатысы бар деген күдікпен осы қаланың тұрғындары – 52 жастағы ер адам мен 44 жастағы әйел анықталып, ұсталды. Қылмыстық оқиға жәбірленушінің кәсіби қызметімен байланысты емес. Айғақ заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

23 сәуір күні Шахтинск қаласында пәтердегі өртті сөндіру кезінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 53 жастағы пәтер иесінің мәйіті табылған болатын.
Аталған дерекке байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабына («Адам өлтіру») сәйкес тергеу жүріп жатыр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі