jasqazaq.kz

«АрселорМиттал Теміртау» айыппұл арқалады

17 сәуiр 2023, 15:18

Ірі салық төлеушілерге қатысты жүргізіліп жатқан салықтық әкімшілендіру шеңберінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да 2019 жылға корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын төмендеткендігі анықталды. Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті осылай деп мәлімдеді.

«Камералдық мониторинг жүргізу кезінде нақты есептелген корпоративтік табыс салығының мәлімделген аванстық төлемдер сомасынан 20%-дан асып кетуі белгілі болды. Осыған байланысты ӘҚБтК-нің 278-бабының 3-бөлігі бойынша 1,2 млрд теңгеден астам айыппұл сомасына әкімшілік материал толтырылды.

Биылғы наурыз айында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ апелляциялық шағымын қарау барысында Қарағанды облыстық соты департаменттің дәлелдерін қолдады және әкімшілік айыппұл күшінде қалды.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қараша айында департамент қызметкерлері 2017 жыл үшін осындай бұзушылықты анықтаған болатын, бюджетке 1,3 млрд теңге көлемінде айыппұл толық көлемде өндірілді.

2017 және 2019 жылдары анықталған бұзушылықтар бойынша айыппұлдың жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеден асқаны» жазылған Қарағанды облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің хабарламасында.

JQ-Aqparat

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата