
Арменияда кепілдікте отырған жедел жәрдем бригадасының соңғы екі қызметкері босатылды, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
Бұл ақпаратты елдің Денсаулық сақтау министрлігі де растап отыр.
Естеріңізде болса, 17 шілдеде қарулы топ Еревандағы полиция бөлімшесін басып алған еді. 27 шілдеге қараған түні мұнда атыс болып, бірнеше адам жараланған.
Қаскөйлер оқиға орнына көмек көрсетуге келген жедел жәрдем бригадасының 4 қызметкерін тұтқынға алды. Олар қамауда отырған оппозиция жетекшісін еркіндікке шығаруды талап еткен.
Артынша екі медициналық қызметкер босатылды. Ал тағы екеуін, яғни дәрігер мен медбикені кепілдікте ұстаған болатын.