jasqazaq.kz

Арманды сол қолмен жазу керек. Айнұр Тұрсынбаеваның жаңа техникасы жұртқа жақпады

11 қантар 2024, 14:33


Коуч әрі айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның басы дауға қалды. Бұл жолы психологтың сабағына тіркелгендер назарылық білдірді, — деп жазды Stan.kz.

Құны 7 мың теңге болатын сабаққа 9 мың адам тіркелген.

“Бұл марафонда 2024 жылға мақсаттар жазып, оларды орындау үшін нақты техникалар беріледі. Өзгеремін деп ниеттенген қаншама адам?!. Сол кісілердің үміттерін ақтасам екен деп Алладан дұға сұраймын”, – деп жазды психолог.

Сондай-ақ коуч 10 сағаттық трансформациялық тренинг те өткізетінін айтты.

“Сауданың жүрмеуі, ақшадан қорқу, ақшаны жинай алмау, қарыз мәселесінің түйінін шешетін сабақ болмақ”, – дейді айтыскер ақын.

Осы ретте желі қолданушылары сабаққа қосылмай қалғандарын айтып шағымданды. “1 қаңтар күні төлем жасадым, әлі сабақты көре алатын емеспін”, “Қосыла алмай жатқандарға хабарлама айтуға болады ғой”, “Чек жіберілмейді, ватсапқа жауап бермейді, сабаққа қосыла алмай отырмын. Неге бәрі толық қосылғанда сабақ бастамайсыздар?” деп ашуланды оқырмандары.

Енді бірі сабақты көріп, психологтың айтқан кеңестері жүзеге асып жатқанын да жасырмады. “Сол қолмен жазу керек деген техникаңыз маған ұнады. Күніне 2-3 сөйлемнен жазып жатырмын”, “Сол қолмен жазуды сабақ барысында-ақ бастап кеткенмін” дейді сабақ тыңдаушылар.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі