jasqazaq.kz

Арман Шаққалиев: Еліміздегі базарлар заман талабына сай өзгертіледі

25 желтоқсан 2023, 11:41


Мыңнан астам тиімсіз делдал анықталды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде сауда саясатын дамытуға арналған Үкімет сағатында Сауда және интеграция министрі Арман Шaққалиев айтты.
«Қазір сауда базарлары әлі де маңызды. Алайда кейбірі қала құрылысы, өрт және санитарлық стандарттарға сәйкес келмейді. Сондықтан бизнеспен бірге базарларды жаңартуды қажет ететін объектілер анықталды. 460 универсалды базардың 195-ін заман талабына сай өзгерту қажет болған, олардың 121-і жаңартылды. Қалған 74-і бойынша әкімдіктермен және базарлардың меншік иелерімен бірлесіп 2025 жылға дейінгі жол картасы бекітілді. Өздеріңізге мәлім, жаңартуды аяқтаудың әртүрлі мерзімі белгіленді, яғни облыстар үшін – 2025 жыл, ал Астана мен республикалық маңызы бар қалалар үшін (Алматы және Шымкент.) – 2023 жыл», — деді А. Шаққалиев.
Сонымен қатар ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу жөніндегі жұмысқа ерекше назар аударылатынын айтты. Жұмыс Ауыл шаруашылығы министрлігі, монополияға қарсы орган, әкімдіктер, Азық-түлік корпорациясы және тұрақтандыру қорларымен бірлесіп кешенді сипатта атқарылып жатыр. Жалпы, бұл жұмыс, Президенттің инфляция деңгейін 2 есе төмендету жөніндегі тапсырмасын орындауға бағытталған.
«Өңірлік комиссиялардың жұмысы бақылау-фискалдық органдарын қосу жолымен күшейтілді. Биыл 1,7 мыңнан астам отырыс өткізілді, мыңнан астам тиімсіз делдал анықталды, мыңнан астам әкімшілік іс қозғалды (2023 ж. – 1 059 әкімшілік іс, 2022 ж. – 310 әкімшілік іс). Электрондық шот-фактураларды пайдалана отырып, 3,5 мыңға жуық баға белгілеу тізбегіне талдау жасалды», — деді министр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі