jasqazaq.kz

Арман Шаққалиев: Бұл саудаға кедергі жасайтын жүйе емес

11 қантар 2024, 12:28


Сауда министрі «мобильді 100 аударым» қағидаты туралы пікір білдірді.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Сенат отырысынан кейін өткен брифингіде «мобильді 100 аударым қағидатының» тұтынушылардың құқығына әсері туралы пікір білдірді. Kazinform хабарлағандай, журналистер министрден «мобильді төлемдерді реттеудегі «100 аударым» қағидаты енгізілгеннен бері тұтынушылардан қанша шағым түсті? Жалпы бұл өзгеріс елдегі ішкі саудаға, тұтынушылардың құқығына қалай әсер етеді», — деп сұрады.

Министрдің айтуынша, бүгінге дейін Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне бұл мәселемен ешбір шағым түспеген.

«Ондай статистика қазір жоқ. Оны есептеу керек. Кейін қосымша жауап береміз. Өткен аптада менің атыма, бізге ондай мағынада арыздар түсті деген ақпарат жоқ. Ал өзгерістің әсерін айтсақ, бұл жаңа құрал емес. Мысалы, 2020 жылы еліміз бойынша 150 мың төлем терминалы болса, қазір миллионнан асты. 2020 жылы мобильді төлемдер 3 трлн теңге болса, қазіргі таңда 4 есе өсті. Яғни, сауда саласы QR-жүйеге дайын. Бұл саудаға кедергі жасайтын жүйе емес», — деді Сауда және интеграция министрі.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде