jasqazaq.kz

Арман Қайназаров: Өзім ішімдікке тәуелді болдым

26 маусым 2023, 15:28

Ақын Арман Қайназаров эстрада жұлдыздарының әндеріне сөз жазған, қазіргі уақытта көше кезіп жүрген жерінен табылған болатын. Сазгер әлеуметтік желіге өзі жайлы таралған сөздерге жауап беріп, көпшіліктен өз атына ақша жиналып жатса, сенбеуді сұрады.

«Ешқандай әнші өзіне қарыз емес екенін әрі продюсер іздеп жатпағанын жеткізген. «Қолдау көрсеткендеріңізге рақмет. Соңғы болған жағдайларды өз аузымнан естіп-біліңіздер. 18 маусымда Тимур Нұғман бауырым көшеден тауып алып, бір күн қол ұшын берді. Сол үшін рақмет. Ешбір әнші маған қарыз емес. Барлық әншіге ризамын. Бауырларым, туыстарым жанымда. Мені ешкім ренжіткен жоқ. Өзім ішімдікке тәуелді болғандықтан, көшеге кетіп қалып жүрдім. Осы уақытқа дейін менің атымнан ақша жинаған жоқпыз. Менің атымнан ақша жиналып жатса, сенбеңіздер. Осы соңғы жағдай отбасыма, туыстарыма өте ауыр тиіп жатыр. Сондықтан жалған ақпаратты жан-жаққа таратпауларыңызды сұраймын. Сахнаға шығу жоспарымда жоқ. Продюсер іздеп жатқаным да жоқ. Ниеттеріңізге, көңілдеріңізге рахмет», — деді Арман Қайназаров.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі