jasqazaq.kz

«Арқанмен буындырып, шашын тықырлап, зорлаған». Талдықорғандық қыздың өлімі жайында тың дерек шықты

12 қантар 2024, 14:48


Осыдан үш айға жуық уақыт бұрын жоғалған Карина Дарохинаның мүрдесі бірнеше күн бұрын Текелі тауынан табылған болатын, деп хабарлады Kazinform.

Жасөспірім қыздың өліміне қатысты жаңа деректер мәлім болды. Сараптамашының болжамы бойынша, Каринаны арқанмен буындырып өлтірген. Оған дейін қыздың шашын тақырлап алып тастағаны да белгілі болды. Ең сорақысы, сараптама оқушының жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын да анықтаған.

«Оқушы қыздың мәйітіне жасалған сараптаманың алғашқы нәтижесі бойынша оны буындырып өлтірген деген қорытынды жасалды. Сондай-ақ, жасөспірімнің бұған дейін сексуалдық қарым-қатынаста болғаны және шашын тақырлап алып тастағаны анықталды, — деп мәлімдеді жергілікті полициядағы ақпарат көзі.

Қазір полиция қылмысқа күдікті ретінде ұсталған өгей әкені зорлауға қатысты қайта тексеруді бастады. Сондай-ақ оның отбасындағы басқа да балалары тиісті тексеруден өткізілмек. Ал бүгін Талдықорғандағы жақындары мен достары Карина Дарохинаның денесін жер қойнына тапсырды.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде