jasqazaq.kz

Арқада жылқылар арыққа құлап, арам қатып жатыр (Видео)

13 сәуiр 2023, 9:25

Қарағанды облысында ауыл маңындағы бөгетті жалға алған кәсіпкер мен тұрғындар жауласып жатыр. Себебі, бөгеттің айналасында қазылған орға төрт түлігіміз құлап, арам қатып жатыр дейді жиналғандар. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Мәселен, осы күнге дейін төрт жылқы батпаққа батып өліпті. Ауылдағылар ұзындығы екі шақырымнан асатын орды бөгеттің иесі қазды дейді. Ал кәсіпкер малына ие болмаған жұртың өзін кінәлап отыр. Байқадам ауылы маңында мал жаятын өріс жоқтың қасы. Жердің барлығы жекенің қолында. Қорадағы бірді-екілі малдың өзі айналаны жазға жетпей отап тастайды. Ол аздай, былтыр күзде мал шығатын жолға терең ор қазылған. «Енді соған төрт түлігіміз түсіп, арам қатып жатыр», — дейді тұрғындар.

Тілеубек Қонысбаев, Байқадам ауылының тұрғыны:

— Осы ауылдың азаматтары жаздыгүні келіп ескертіпті, қазып жатқан кезде, күзде де ескертілген екен. Бірақ сол айтылғаны айтылған бетте қалған ғой. Бізде көп нәрсе орындалмайды, оны ешкім қадағаламайды. Қар астында қалған. Қар еріді, мынандай жағдай болды. Мал түгілі, адам да, бала да орға түсіп кетуі мүмкін.

Ауыл тұрғындары арам қатқан малдың шығыны толығымен кәсіпкер өтеуге тиіс дейді. Өйткені өңірдің экология департаменті арық заңсыз қазылған деп отыр. Ауылдағылар жергілікті әкімге де өкпесі қара қазандай. Себебі: ол бөгет иесіне оны айнала қазылған орды тегістете алмаған.

Айдын Досмақов, Көкпекті ауыл округінің әкімі:

— Біз өз тарапымыздан ескерту жасадық, Екі рет айттық. Учаскелік инспекторға да айттық. Өзі антын берді, «мына жерді қалпына келтіремін, мұндай жағдай болмайды» деп. Халықта ескерту жасаған. Оның бәрін білеміз.

Су бөгетін жалға алған кәсіпкердің уәжі басқа. Тұрғындар малды жайлауға жібермейді. Таңертең қорадан шығарып жіберіп жаман үйренген Бағулы болса, орға түспес еді деп отыр. Ал бөгеттің шекарасындағы ор бұл келерден бұрын қазылғанын айтады. Оны кім қазғанын құзырлы органдар анықтауға тиіс. Сондықтан ауылдағы ағайын арам қатқан малын кімнен даулары әзірге белгісіз.

 

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата