jasqazaq.kz

Әріп танымайтын 23 жастағы қызды туған анасы құлдыққа салған

11 мамыр 2023, 13:00

Шымкентте жасы 23 келсе де әлі күнге дейін бірде-бір әріп танымайтын, тіпті қолында ешбір құжаты жоқ бойжеткен тұрып жатыр. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Instagram парақшасында жазды.

Жас қыз ешқашан мектеп табалдырығын аттамаған. Тіпті өзінің атын да жаза алмайтын күйде. Автордың жазуынша, анасы ішімдікке салынып, әртүрлі ер азаматпен көңіл қосуды әдетке айналдырған.

«Анам бір ішсе домалап құлап жатады, 2-3 айлап үй көрмейді. Сол кезде өгей әкелеріммен қаламын. Әсіресе, Исахан деген көкемен ұзақ тұрды. Басында жақсы аға сияқты болған, артынан мені ұрды, талай мәрте мазақ етті. Басымды жарды, үстелді үстіме лақтырды, далаға ұрып, қуып шығарды», — деп есіне алады бойжеткен.

Анасы бір кездері арақ үшін қызын жұмысқа жеккен екен. Өз құқығын білмейтін қызды кафедегі қара жұмысқа салып, ақысын өзі алып отырған.

«Анасы қызын “Сәтті” деген кафеге беріп кеткен. Таңғы 5-тен түнгі 2-ге дейін жұмыс істепті, сол жақта қонады. «Ақысы шешеңе күніне 1 бутылка арақ» деген. Мұның бәрі бұрын емес дәл бүгін көз алдымызда болып жатқан оқиғалар. Осыдан 4 жыл бұрын 19 жасар қыз әкесінің туыстары барын естіп Шымкентке қашып келеді. Содан бері не өзгерді дейсіз бе, ештеме», — деп жазды Гүлмира Әбіқай.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі